Теннис
1 мин оқу 330

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, додаға екінші айналымнан қосылған қазақстандық теннисші кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазіргі уақытта 20-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.

Бұл жолы Елена бірден брейк жасады. Есеп – 1:0. Сет біткенше, сол қарқынынан айырылған жоқ. Есеп – 6:4.

Екінші партияда да қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты. Есеп – 3:1. Сосын есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчты эйспен бітірді. Есеп – 6:2.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Беатрис екінші айналымда тағы бір қазақстандық, рейтингте 45-орындағы Юлия Путинцеваны 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (7:4) есебімен ұтып кеткен.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар