Теннис
1 мин оқу 230
Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі
<p style="text-align: justify;">Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.
Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.
Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.
Бөлісу: