Ауа райы
1 мин оқу 260

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанда 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында өте қатты жел соғады, екпіні 30 м/с. Республикада тұман күтіледі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, тек түнде шығыста 17-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде күннің соңына қарай ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Күндіз ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градусқа дейін көтеріледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар