Білім
1 мин оқу 570

Қазақстандағы жаңа мектептерде ерекше балаларға жағдай жасалады

<p style="text-align: justify;">Мердігерлерге қойылатын мұндай талаптарды &laquo;Жайлы мектеп&raquo; ұлттық жобасының бірыңғай операторы &laquo;Samruk-Kazyna Construction&raquo; компаниясы белгілеп отыр. Компания 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының барлық аймағында 401 жаңа мектеп салуды көздейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздегі мектептер негізінен КСРО кезінде салынған, көпшілігі ерекше балалар үшін өте қолайсыз. Жаңа мектептерді барлық оқушының қажеттілігін ескере отырып, заманауи технологияларды қолданып салу жоспарланды. Кедергісіз, ыңғайлы кеңістік: арнайы пандустар, лифтілер, дәретхана бөлмелері болады.

Сондай-ақ әрбір мектепте инклюзив білім беру кабинеті болуы керек. Мұның бәрі балалардың қоғамға жақсырақ бейімделуіне қажет алғышарттармен қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қазақстандағы жаңа мектептерде ерекше балаларға жағдай жасалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар