Әлем
1 мин оқу 630
Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 11:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 км», делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.
Еске салайық, 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирия елдерінің аумағында жойқын жер сілкінісі орын алды, жерасты дүмпулерінің күші 7,8 баллға дейін жетті.
Бөлісу: