Аймақтар
1 мин оқу 550

Ақсу кентінде ескі шахтаға түсетін жер асты туннелі табылды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінде ескі шахтаға түсетін жер асты туннелі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.</p>

«Оның диаметрі - 1,5, тереңдігі - 8-10 метр. Заңсыз алтын іздеушілер бұл туннель арқылы жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсіп жүрген. Тәртіп сақшылары мен алтын өндіруші компания қызметкерлері заңсыз өткелді жауып тастады. Жалпы Ақмола облысында былтыр 1 мыңнан астам, биыл 17 заңсыз алтын іздеуші жауапқа тартылған», делінген хабарламада.

Бөлісу: