Аймақтар
1 мин оқу 260

Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан есірткі табылды

<p style="text-align: justify;">Көлік полицейлері Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған Қостанай облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

«Жеке тінту шаралары кезінде ұсталған азаматтан психотроптық зат салынған үш полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,30 грамм, ірі мөлшердегі альфа-PVP синтетикалық есірткі заты екендігі анықталды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу: