Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттестік күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағатпен атап өтілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 2021 жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артып, 3,05 млрд АҚШ доллар құрады.
1993 жылдан бері АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестиция ағынының жалпы көлемі 62 млрд АҚШ доллардан асты. 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестиция ағынының көлемі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,8%-ға ұлғайып, 5 млрд АҚШ доллардан асты.
Сұхбатты қорытындылай келе, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік өзара мүдделілік бар салаларда одан әрі дамитынына сенім артты.