Қазақстан
1 мин оқу 520

«Құсбегіліктен» ел чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында жастар арасында &laquo;Құсбегілік&raquo; ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты басталды. Спорттық іс-шара 12 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чемпионатқа Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Абай, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жастары қатысуға ниет білдірген. Жарысқа қатысатын 100-ге жуық құстың қатарында ителгі, қаршыға және бүркіт бар.

Еске салайық, құсбегілік ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен ұлттық спорт түрі ретінде танылған сәттен бастап 7 мемлекеттің қатысуымен 1 рет Әлем чемпионаты, 2 рет Азия чемпионаты (5 мемлекет), 40-қа жуық халықаралық турнир мен 15 рет Қазақстан Республикасының чемпионаттары ұйымдастырылды.

Бөлісу:
«Құсбегіліктен» ел чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар