Жеңіл атлетика
1 мин оқу 424

Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 4 жүлде түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды.

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды.

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.

Бөлісу:
Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар