Оқиға
1 мин оқу 640

Ақтау-Баянды тасжолында 2 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тасжолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Ақтау-Баянды тасжолында 2 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар