Аймақтар
1 мин оқу 300

Көшкіннің алдын алады

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда қар көшкінінің туындау қаупіне байланысты &laquo;Қазселденқорғау&raquo; ШҚ филиалы мен облыстық Төтенше жағдай департаментінің мамандары көшкіндердің алдын алу шарасын жүргізіп жатыр.</p>

Көшкіннің алдын алады

Осы уақытқа дейін «Өске­мен-Самар» автожолында 95-102 километрде жарылыс жұ­мыстары жүргізіліп, нәтиже­сінде 1800 текше метр қар түсі­рілді. Мамандардың айтуынша, егер жаңбыр қардың бетіне түссе, сондай-ақ қар жауған кезде ауа температурасы бір бағытта немесе басқа бағытта өз­герсе немесе төбелердегі қат­ты боран қарды тасымалдаса, қар көшкіні қозғала бас­тайды.

«Алдын алу іс-шаралары төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға және күн сайын көптеген автотехника өтетін автожолды қорғауға ба­ғытталған. Әзірге облыс­та көшкін қаупі сақталуда. Жа­қын күндері қауіпті беткей­лерде профилактикалық жұ­мыс­­­тарды жалғастырамыз», деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиа­лының басшысы Омар Дүз­гімбаев.

Бұл орайда мамандар экстремалды спорт түрлерінің әуес­қойларына тауға барудан бас тартуды, тұрғындарға аймақ­тағы көшкін қаупі бар учас­келерде өте сақ болуды ұсынады.

Бөлісу:
Көшкіннің алдын алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар