Павлодар тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Өңірдің 22 жастағы тұрғыны есірткінің ірі партиясын жасырын жерлер арқылы таратқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер интернет арқылы шағын пакеттерге оралған есірткі заттарын сатқан және жасырын жерге орналастырған адамның жеке басын анықтады. Ұстау кезінде жас жігіттен ақ түсті ұнтақ заты бар 5 бума табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша күдіктіден есірткі заттары салынған пакеттер, сондай-ақ оларды буып-түюге арналған заттар тәркіленді.
Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамнан ең қауіпті & – PvP синтетикалық психостимулятор тәркіленді, оның жалпы салмағы 1,4 келіден асады. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, басқа адамдардың қылмыстық әрекетке қатысы анықталып жатыр.
Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.