Оқиға
1 мин оқу 450
Екібастұз-Ағадыр электр беру желісі ажыратылды
<p style="text-align: justify;">Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 2023 жылдың 13 ақпанында Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-5170 электр беру желісі ажыратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осыған байланысты аварияға қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді.
Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды.
Бөлісу: