Ауа райы
1 мин оқу 470
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
«Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай ауысады, осыған байланысты жұмыс аптасының басында бұлтты болады. Елімізде көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, 16 ақпанда Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, оңтүстікте кей жерлерде жел күшейеді. Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу: