Жаңалықтар
1 мин оқу 421

Оңтүстік Корея президентінің еліміздегі ресми сапары басталды

Korey03АСТАНА. 19 маусым. Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен алғаш рет келген Оңтүстік Корея басшысы Пак Кын Хемен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Екіжақты кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев: «Корея респубикасы президентінің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігінің жаңа тарихи дәуірін ашады. Бұл – біздің осымен екінші кездесуіміз», – деді. Мемлекет басшысы өз сөзінде Корея республикасының елімізбен сенімді серіктес екеніне баса назар аударды. Сондай-ақ, Президент еліміздің атынан Оңтүстік Корея басшысына «Севол» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: akorda.kz.
Бөлісу:
Оңтүстік Корея президентінің еліміздегі ресми сапары басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар