Ғылым
1 мин оқу 380

Қазақстан мен Канада ғалымдары бірлескен зерттеулер жүргізеді

<p style="text-align: justify;">Еуразия ұлттық университеті мен Онтарио университетінің технологиялық институтының ғалымдары сутегі энергетикасы мен ядролық физика саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан мен Канада ғалымдары бірлескен зерттеулер жүргізеді

ЖОО ректоры Ерлан Сыдықов инженерия саласындағы белгілі ғалым, Онтарио университетінің технологиялық институтының профессоры Ибрагим Динцермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Тараптар сутегі энергетикасы саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеуді, Қазақстанның аграрлық секторында баламалы энергияны қолдану және сутегі отын элементтері негізінде энергия жинақтаушы бойынша зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ЕҰУ физик-ғалымдары канадалық профессормен бірлесе литий-ионды және натрий-ионды батареялардың компоненттерін жасау жобасын коммерцияландыруға кіріседі.

Бөлісу:
Қазақстан мен Канада ғалымдары бірлескен зерттеулер жүргізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар