Аймақтар
1 мин оқу 376
ШҚО-да 12 көлік айып тұрағына қойылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Айыппұл төле!» акциясы өтті. Полиция қызметкерлері бес күн ішінде 12 көлікті айып тұрағына қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп 21 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешегі бар 12 адам анықталып, көліктері арнайы автотұраққа қойылған.
Бөлісу: