Оқиға
1 мин оқу 310

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">13 ақпан күні сағат 10:54 шамасында республикалық маңызы бар Өскемен-Рахманов тас жолының Топқайың және Катонқарағай ауылдарының аралығында &laquo;ВАЗ-2108&raquo; және &laquo;Lada Granta&raquo; көліктері соқтығысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апатынан ВАЗ-2108 көлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында, ВАЗ-2108 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен «Лада Гранта» көлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы ауылдағы ауруханада қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.

Бөлісу:
ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар