Түркияда тағы 10 мердігер қамауға алынады
<p style="text-align: justify;">Түркияда зілзала салдарынан қираған үйлерді салу кезінде мердігер болған 10 адам қамауға алынды. Жалпы 163 күдікті ұсталған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына <a href="https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/586635-t-rkiyada-ira-an-jlerge-atysy-bar-10-merdiger-amau-a-alyndy">сілтеме </a>жасап.</p>

Хатай қаласындағы тұрғын үй кешеніне жауапты болған бір мердігер Анталиядағы қонақ үйде жатқан жерінде қолға түскен. Тағы бір күдікті Стамбұл әуежайында тұтылған. Ол әйелімен бірге Грузияға қашпақ болған.
Сондай-ақ Газиантепте жермен-жексен болған үйді салған тағы бір мердігер темір тордан бір-ақ шықты. Ол техникалық ақауға жол бергені анықталды. Тағы ондаған адамға іздеу жарияланды.