Теннис
1 мин оқу 210
Александр Бублик қатарынан 10 рет жеңілді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшісі Александр Бублик (WTA рейтингінде 50-орын) Роттердамда (Нидерланды) өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Бублик швейцариялық Стэн Вавринкамен (130-орын) кездесіп, екі сетте ұтылды - 6:7, 4:6.
Александр Бублик үшін бұл жеңіліс қатарынан оныншы жеңіліс болды. Биыл Қазақстанның үздік теннисшісі әлі жеңіске жеткен жоқ. Ол соңғы рет 2022 жылы 27 қазанда Базельде (Швейцария) өткен турнирде 1/8 финалда испаниялық Альберт Рамос-Виноласты жеңген - 6 :3, 6:3.
Бөлісу: