Аймақтар
1 мин оқу 513
Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған ұлын сатпақ болған
<p style="text-align: justify;">Алматыда ата-ана жаңа туған нәрестені 2 миллион теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жаңа туған нәрестені сатпақ болған 25 жастағы әйел мен 32 жастағы ер адам ұсталды. Олар перзентханадан шыға сала бірден мәмілеге келген.
«Ерлі-зайыптылар әлі дүниеге келмеген бала үшін «әлеуетті ата-ананы» алдын ала іздеген. Олар сәбиді екі миллион теңгеге бағалаған. Күдіктілерді ұстау кезінде жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша тәркіленді. Олар қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», деді полиция.
Ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиелеп отыр.
Бөлісу: