Қоғам
1 мин оқу 533

Елордада «Ауылға кітап» акциясы өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға қаламгерлер мен оқырмандар қауымы жиналды. Олар &laquo;Ауылға кітап&raquo; акциясына белсене қатысып, өздерінің жеке кітапханасындағы кітаптары мен авторлық еңбектерін кітапхана ұжымына тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада «Ауылға кітап» акциясы өтті

Кітапхана қызметкерлері авторлармен келісіп, түрлі жанрда жазылған туындыларды жинақтады. Жиналған кітаптар елді мекендерге жөнелтіледі. Алғашқы кітап қоры Түркістан облысындағы кітапханаларға тапсырылады.

Іс-шара халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға деген сұранысты арттыру үшін ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Елордада «Ауылға кітап» акциясы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар