Білім
1 мин оқу 286

Кентерберимен ынтымақтастық

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап барған делегацияның Лондонда өткен мемлекетаралық мәжілісінде Yessenov University президенті Берік Ахметов үкіметаралық комис&shy;сияға ынтымақтастық бағытындағы мүм&shy;кіндіктерді таныстырды.</p>

Кентерберимен ынтымақтастық

Маңғыстау өңірі­нің даму жоспары мен сұ­ранысына сай дайын­далған білім беру, кө­лік-логистика, туризм, жа­сыл сутегі, инженер­лік са­лалардағы тың бағыт­тар бойынша оқыту жос­па­рына Британ универ­си­теттерінің басшылары да қызығушылық білдірді.

Yessenov University және Canterbury Christ Church University арасында өзара ынтымақтастық ту­ралы меморандумға қол қо­йыл­ды. Екі уни­верситеттің әріптестігі не­­гізінде білім беру, бизнес және менеджмент, туризм және қонақжайлық саласын­дағы академия­лық алмасу, инженерия, есептеу техникасы бағыттарын зерттеу ар­қылы студенттер мен про­­­фессор-оқытушылар құ­ра­­мының әлеуетін арт­ты­ру көзделген.

Сондай-ақ ынтымақ­тастық аясында бірлескен білім, қос диплом беру бағ­­дарламаларын жа­сақтау және іске асыру, екі уни­верситет арасында жаңа техника мен технология­ларды игеруді қам­тама­сыз ететін ғылыми ұжым­дар­ды, зертханалар­ды қа­лып­тастыру көз­деліп отыр.

Меморандумға қол қою және университеттердің ынтымақтастықты одан әрі дамытуы жоғары білім мен ғылымның сапалы ортасын қалыптастыруға, Ұлыбританияның оқы­тудағы озық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Кентерберимен ынтымақтастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар