Ауа райы
1 мин оқу 312
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» мәліметінше, фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі.
16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында кейде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Бөлісу: