Аймақтар
1 мин оқу 360

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 15:00 шамасында болған. Анықталғандай, «Атырау-Индер» бағытындағы тасжолдың 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан.

«Апат салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1997 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 1962 жылғы жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен Тoyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы Махамбет аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», делінген ведомство хабарламасында.

Жол апатынан кейін Toyota Ipsum көлігі өртеніп кеткен. Қазір аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар