Теннис
1 мин оқу 160

Жасөспірім жарап тұр

<p style="text-align: justify;">Азия теннис федерациясы (ATF) мен &laquo;Tennis Europe&raquo; 14 және 16 жасқа дейінгі теннисшілердің рейтингтерін жаңартты.</p>

Жасөспірім жарап тұр

14 жасқа дейінгілердің еуропалық рей­тин­гінде Қазақстан теннисшілерінен Ярослав Пшеничный көш бастап тұр. Ол – рейтингте 64-орында. Кейінгі сатыларға Михаил Ми­щенко (114-орын) мен Роберт Каминский (139) жайғасқан. Қыздар арасындағы рейтингте Ева Корышева ТОП-50 теннисшінің қата­рына жақындап келеді. Кешегі рейтингте ол 59-орынға көтерілді. Сонымен қатар Томирис Нұржан – 173-ші, Еркежан Жаңатаева 183- сатыға орналасқан.

16 жасқа дейінгілер арасындағы ATF рейтингінде әдеттегідей Кәрім Темірлан бірін­ші орында келеді. Қыздар арасындағы ТОП-10 теннисшінің қатарында Қазақстанның бес өкілі бар. Олар: Сафина Сафиулина (2-орын), Ариана Гогулина (4), Даная Аманғажиева (7), Полина Слепцова (8) және Еркежан Жаңа­таева (9).

Бөлісу:
Жасөспірім жарап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар