Аймақтар
1 мин оқу 381

Футболшылар жанкүйерді қуантты

<p style="text-align: justify;">Оралдық &laquo;Ақжайық&raquo; футбол клубының ойыншылары жол апатынан зардап шеккен жанкүйерінің көңілін сұрап, ауруханаға іздеп барды.</p>

Футболшылар жанкүйерді қуантты

Мира Елекешева Орал қала­сындағы жоғары оқу орындарының бірінде сабақ береді. Өзі көп жылдан бері оралдық «Ақжайық» командасына жанкүйер болып, өз алаңында өткен ойындарын құр жібермейді. Тіпті студент­терін ертіп келіп, алаңдағы ойыншыларға қызу қолдау көрсетіп жүреді. Әсіресе команда құрамында жергілікті жастардың болғанын жақсы көреді. Осындай жанкүйерін команда мүшелері де әбден танып алған.

Жақында, ақпанның 7-сі күні Мира оқыстан жол апатына түсіп қалды. Ауыр жарақат алып, қолы сынған оған дәрі­гер­лер 9 ақпан күні ота жасады. Мұны естіген «Ақжайық» командасының ойыншылары Рысбек Қоңыров, Самат Бердәулетов, Руслан Хаиров, Бауыржан Омаров және Мей­рам Сапанов ауруханаға арнайы келіп, Мирамен кездесті.

– Сүйікті командамыздың жанкүйерлері бір үйдің баласындай болып кеткенбіз ғой. Әрдайым өзара жағдай сұрасып тұратынбыз. Ауруханада жат­қанымда Нұралы есімді досым хабарласып, палатадан төменге түсуімді өтінді. Сәлем-сауқат қабыл­дау орнына барсам, сүйік­ті командамның ойыншылары келіп тұр екен. Қатты таңғалып әрі қуанғанымнан жүрегім жарыла жаздады. Мау­сым барысында біз футболшыларды қолдасақ, осындай қиын жағдайға тап болғанда ойыншылар мені іздеп келіпті. Қатты қуандым, – дейді Мира Елекешева.

Футболшылар құр қол кел­мепті. Жанкүйерге Мейрам Сапанов ойын жейдесін сыйласа, Бауыржан Омаров жанкүйер шарфын тарту етті. Олар Ми­ра­ның тезірек жазылып шығуына тілек білдірді.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Футболшылар жанкүйерді қуантты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар