Қоғам
1 мин оқу 400

Қазақстандықтар көліктеріне сәнді нөмір алу үшін 6 млрд теңге жұмсаған

<p style="text-align: justify;">Соңғы бір жылда қазақстандық көлік жүргізушілері сәнді мемлекеттік нөмір алуға шамамен 6 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстандықтар көліктеріне сәнді нөмір алу үшін 6 млрд теңге жұмсаған

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» мәліметіне сәйкес, ең қымбат көлік нөмірлері екі нөлден басталатын бірдей әріптері бар комбинациялар болды.

Сондай-ақ VIP санатқа үш жетіден тұратын нөмірлер де кіреді. Мұндай мемлекеттік нөмірлер 285 АЕК, яғни 873 мың теңгеге бағаланады. Аталған нөмірлер Алматы тұрғындары арасында көп кездеседі.

Өткен жылы алматылықтар ерекше 7 мың нөмір сатып алған. Бұл арқылы мемлекет бюджетіне 2 млрд 365 млн теңге түскен. 

Бөлісу:
Қазақстандықтар көліктеріне сәнді нөмір алу үшін 6 млрд теңге жұмсаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар