Аймақтар
1 мин оқу 4,784
Маңғыстауда жоғалып кеткен әйел табылды
<p style="text-align: justify;">Өткен жылы қыркүйекте жоғалып кеткен Маңғыстау облысының 27 жастағы тұрғыны Жәния Абдуллаева табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сүйінші хабарды LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады. Жәния Абдуллаева былтыр 29 қыркүйекте Бейнеу ауылындағы ауруханаға жұмыс істеу үшін үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен еді. Кейінірек оның Бейнеу-Маңғыстау бағытындағы пойызға билет сатып алғаны белгілі болды.
Туыстары Жәнияны іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген болатын.
Бөлісу: