Тағайындау
1 мин оқу 804

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі &laquo;Қоғамдық келісім&raquo; ұжымына директор Элина Паулиді таныстырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды

Э.Паули 2021 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне қабылданды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.

Әр жылдары Элина Паули ҚР АҚДМ қоғамдық жаңғырту департаменті, Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет етті.

Сонымен қатар ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды, 2022 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Бөлісу: