Спорт
1 мин оқу 304
Қысқы универсиада чемпионына білім гранты табысталды
<p style="text-align: justify;">Данил Васильевке үлкен спорттағы үздік жетістігі үшін Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирьянов білім грантын тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Данил Васильев – Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт факультетінің 1-курс студенті. Ол АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен дүбірлі додада ел намысын қорғап, шаңғымен тұғырдан секіру бойынша орташа тармплинде ең үздік нәтиже көрсетіп, қысқы Универсиада ойындарының жеңімпазы атанған.
Данил спортпен 8 жасынан бастап айналысып келеді.
«Бұл жетістікпен тоқтап қалмаймын. Алда қысқы Олимпиада шыңын бағындырып, елімнің даңқын көтеремін», дейді чемпион Данил.
Бөлісу: