Хоккей
1 мин оқу 221

«Гагарин кубогінен» тыс қалды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойнайтын елорданың &laquo;Барысы&raquo; өз айдынында Минскінің &laquo;Динамосынан&raquo; жеңіліп, жарыстың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.</p>

«Гагарин кубогінен» тыс қалды

Осылайша, Андрей Скабелка шәкірттері ҚХЛ тарихында үшінші мәрте «Гагарин кубогінің» плей-офф кезеңіне шыға алмады. «Барыс» ойыншылары бұған дейін 2015/2016 жылғы маусымды – тоғызыншы, 2017/2018 жылғы маусымды 10-орынмен аяқтап, үздік сегіздіктің қатарынан тыс қалған еді. Биылғы тұрақты біріншілікте «Барыс» хоккейшілері 64 матчтан кейін 59 ұпай жинап, «Шығыс» конференциясының соңында келеді (11-орын). Маусымның аяқталуына әлі төрт тур бар. Бірақ «Барыс» үшін енді бұл ойындардың еш маңызы жоқ.

«Барыс Арена» мұз сарайында Минскінің «Ди­намосымен» өткен матчта «Барыс» хоккей­шілері қарсыластарынан 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта қонақтар сапынан Райан Спу­нер мен Роман Горбунов дубльдің авторлары атанса, Ник Меркли бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Ал айдын иелерінен Никита Михайлис пен Линден Вей дәлдік танытты.

Бөлісу: