Саясат
1 мин оқу 320

Қазақстан елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальдке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның заманауи дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістікке тоқталды.

Бөлісу:
Қазақстан елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар