Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар
<p style="text-align: justify;">Алматы облысының таулы аймақтарында 17-21 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын, туристер мен демалушыларды қар көшкінінің ықтимал арандатуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.
«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде орналасқан 48 қар көшкіні қаупі бар аумақтар бар. Негізінен қар көшкіні температуралық фонның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуіне байланысты түседі», деді ТЖД баспасөз қызметі.