Ауа райы
1 мин оқу 400

Ертең ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 18 ақпанға арналаған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, скандинавиялық циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бұрқасынмен бірге қар жауады.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар жауып, көктайғақ болады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі.

Алматы, Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қатты қар жауады.

Бөлісу:
Ертең ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар