Сайлау
1 мин оқу 640
Партиялар сайлау бюллетеньдеріне қандай тәртіппен енгізіледі?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың өкілдері дауыс беруге арналған бюллетеньдерде партиялардың атауларын көрсету тәртібін айқындау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Партия өкілдері ОСК залында реттік нөмірлері бар конверттерді таңдап, жеребе тартты.
«Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда партиялық тізімдер бойынша дауыс беру кезінде өткізілген жеребе қорытындыларына сәйкес бюллетеньдердегі саяси партиялар атауларының тәртібі айқындалды», деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.
Осылайша, сайлау бюллетеньдерінде партиялар келесі тәртіппен орналасады:
- Amanat Партиясы
- «Ауыл» ХДПП
- «Respublica» Партиясы
- Қазақстан халық партиясы
- «Байтақ» Жасылдар партиясы
- «Ақ жол» ҚДП
- ЖСДП
Бөлісу: