Қазақстанда азық-түлік бағасы 2,4%-ға қымбаттаған
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қымбаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
7-14 ақпан аралығында бағалар 0,3%-ға, ал жыл басынан бері 2,4%-ға өсті.
Мәселен, күріш бағасы өткен жылы 44,8%-ға өсті. Баға 2021 жылдың тамызында өсе бастаған. Қазақстанның Ұлттық банкі бұған себеп ретінде Ресей тарапынан сұраныстың артқанын атап өтті.
«Азық-түлік тауарларының арасында Ресей тарапынан сұраныстың артуына байланысты нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, оның ішінде күріш бағасы қымбаттады. Елдің оңтүстік аймақтарындағы салқындау жеміс-көкөніс өнімдерінің қымбаттауына әсер етті», делінген Ұлттық банкі таратқан хабарламада.
2022 жылы Қазақстанның күріш экспортынан түсетін табысы 36,9%-ға, яғни 52,9 млн-ға дейін ұлғайды. Айта кетсек, Қазақстанда өндірілген күріштің әрбір төртінші тоннасы Ресейге сатылды.