Ауа райы
2 мин оқу 412

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар аймақтарда тұман, боран және қатты жел болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Скандинавиялық циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, төменгі боранмен қар жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төмен қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын жел оңтүстікте, батыста, облыстың орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран болжанып отыр.

Шығыста, Атырау облысының орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қарлы боран болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді, Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанып отыр. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар