Әлем
1 мин оқу 364
Түркияда көз жұмғандар саны 40,5 мыңнан асты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Түркияда болған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 40 642-ге дейін өскенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Тағы 108 068 адам зардап шекті. 430 мыңнан астам адам апат аймағынан басқа өңірлерге шығарылды.
«Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны артып келеді, қазіргі уақытта құрбан болғандар саны 40 642-ге жетті», деді Сезер.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те - 7,6 балл).
Бөлісу: