Аймақтар
1 мин оқу 380
Петропавлда жатақхана өртеніп, 107 адам эвакуацияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы жатақханалардың бірінде болды. Өртенген ғимараттан 107 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, бес қабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыды.
«Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 41 адам мен 13 техника жіберілді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і - бала. Сағат 13:21-де өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу: