Елордалық «Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасын жеңді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Ресейдің Мытищи қаласында өткен кездесуде командалар тартысты ойынымен ерекшеленді. Соған қарамастан бірінші кезеңде есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Лиден Вей 32-минутта көзге түсті. Бұдан кейін қытайлық команда таразы басын теңестіруге тырысты.
Үшінші кезеңнің 56-минутында қытайлық командадан Джек Родевальд таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша, «Барыс» 2:1 есебімен басым түсті.