Әлем
1 мин оқу 370

Бүгін Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады

<p style="text-align: justify;">Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған екі жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 40 642 адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін, 19 ақпанда аяқталады.

«Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтамын. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды», деді AFAD басшысы.

Бөлісу:
Бүгін Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар