Аймақтар
1 мин оқу 420

Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Екібастұзда ЖЭО-да 6 қазандық іске қосылды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space">&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</span>Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</span></p>

«2023 жылдың 18 ақпанында сағат 04:37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20:00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23:00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды. Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус», делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар