Аймақтар
1 мин оқу 361

Екібастұздағы көппәтерлі үйлердің бірінен өрт шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бес қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады, олардың төртеуі - бала, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

19 ақпанда сағат 9:59-да Павлодар облысы ТЖД «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт болғанын анықтады.

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды.

Өрт 10:21-де ауыздықталып,10:34-те жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Екібастұздағы көппәтерлі үйлердің бірінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар