Экология
2 мин оқу 541

Ауасы ең лас қала

<p style="text-align: justify;">Қоршаған ортаны қорғау &ndash; әлем алдында тұрған басты міндет. Кем дегенде 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңдарға немесе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты халықаралық келісімдерге сәйкес саламатты ортада өмір сүруге құқығы бар еке&shy;нін мойындайды. Осыған қарамастан, Дүниежүзілік ден&shy;саулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, барлық өлім-жітімнің 23 пайызы ауа мен судың ластануы және химиялық әсер ету сияқты экологиялық қауіптерге байланысты екен.</p>

Ауасы ең лас қала

Қазақстанда да экология мәселесі аса өзекті. Ауаның сапасы қоршаған ортаны қорғауда шешуші рөл атқарады. Кейінгі 5 жылда (2018-2022 жылдары)Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның тұрақты жоғары ластануы бай­­қалды. Мысалы, Астанада ауа ластануы негі­зі­нен жылу электр стансалары мен жеке секторды жылытудың шығарын­ды­ларымен қатар жүретін жылдың суық кезеңіне тән. Қаланың қозғалыссыз қиылыс­тарындағы ауаның азот диоксидімен лас­тануы автомобиль көлігінің ай­тарлықтай теріс үлесін көр­сетеді.

«Қарағандыда да жағдай осыған ұқсас: атмосфераның ластануына негізгі әсер жылу электр стансалары мен жеке сектордағы жылу шы­ға­рын­дыларымен өндіріледі, бірақ өнер­кәсіптік кәсіпорындардың шығарын­дылары қосылады. Теміртауда ластану кез келген мау­сымға тән, ол қала­ның өнер­кәсіптік және ме­тал­лургиялық кәсіп­орын­дары­нан, ал қыста жылу электр стансалары мен жеке сектор­дағы жылудан шы­ғарылатын шығарын­ды­лар­дың әсерімен күшейеді. Мұн­дай экологиялық проблемалар кез келген мемлекетте қоршаған ортаны қор­ғау үшін қомақты инвестицияны қа­­жет етеді. Ұлттық статистика бю­­росының мәліметінше, Қа­зақстанда 2018 жылдан 2021 жылға дейін осы ба­ғыттағы инвестиция көлемінің сер­пінді өсуі байқалды. Дегенмен 2022 жылы көрсеткіштер айтарлықтай тө­мендеген. Мәселен, 2022 жыл­ғы қаң­тар-желтоқсанның қоры­тындысы бойынша елімізде қоршаған ортаны қорғауға ба­ғытталған күрделі салымдар 80,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 50,8 па­йызға аз», дейді Ranking сарапшылары.

Жалпы, кейінгі 5 жылда (2018-2022 жылдар аралы­ғында) инвестиция көле­мі 600 млрд тең­геге жуықтаса, ал­дың­ғы бес жылда бұл көр­сеткіш 235,9 млрд тең­гені құ­раған. Бір айта ке­тер­­лік жайт, тұтастай ал­ған­­да елдегі ин­вес­т­ицияның жал­­пы көлемінен қоршаған ор­та­ны қорғауға ба­ғытталған инвес­ти­цияның үлесін қарасты­ратын болсақ, онда бұл өте мардымсыз – 2022 жылы небәрі 0,54 пайыз.

«Бұл ретте квазимемлекеттік және жеке сектордың жекелеген субъек­ті­лері экологиялық мә­селелерді кәсіп­орынды бас­қа­­рудың стратегиялық дең­гейіне шығарады. Қоршаған ор­таны қорғауда еліміздің өн­діруші компаниялары, атап айтқанда, Қазақстанның экономикасы үшін басымдықты маңызы бар мұ­най-газ секторының алыптары ерекше рөл атқарады. Мы­сал ретін­де еліміздегі алғаш­қы және ірі мұ­най-газ өнді­руші компаниялардың бірі – «Теңізшевройлды» (ТШО) қарас­­ты­райық. 2000 жылдан бері ТШО Қазақ­стандағы қор­шаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,15 млрд доллардан аса инвестиция салды. Кейінгі 20 жыл ішінде ТШО мұнай өндіруді 2,6 есе арт­тыра отырып, атмосфераға шыға­рын­дылардың қарқындылығын 65 пайызға төмендетті. Бұл нә­тижеге жаб­дықтың пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған ірі жо­ба­ларға са­лынған инвестиция ар­қылы қол жет­кізді», дейді Ranking.

Бөлісу:
Ауасы ең лас қала · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар