Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
<p style="text-align: justify;">Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.</p>
AFAD мәліметінше, Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті. Қазір жер сілкінісі болған жерде Түркия мен шетелдерден келген іздеу-құтқару топтарының 19 436 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Апат аймағында 216 мың 166 шатыр тігілген.
Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті жерасты дүмпуі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.
Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккен Нұрдағы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады.