Әлем
1 мин оқу 530
Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталып келеді
<p style="text-align: justify;">Түркияның Төтенше жағдайлар агенттігі бірқатар провинцияда құтқару жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар агенттігі басшысының айтуынша, құтқару жұмыстары Кахраманмараш пен Хатайда әлі де жалғасып жатыр.
Алайда енді адамдардың үйіндінің астынан аман табылуы екіталай. Ол қаза тапқандардың саны әлі өсетінін айтты.
6 ақпанда болған 7,8 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Кахраманмараш қаласында болды. Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде 44 мыңнан астам адам қайтыс болғаны расталды.
Бөлісу: