Қоғам
1 мин оқу 620
Қазақстанда темекіге тәуелді адамдардың саны аталды
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі темекіге тәуелді азаматтар санын атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ересек халықтың 21,5 пайызы, яғни 2,8 миллион адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді», деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы да тілге тиек етілді.
«Ұлдар арасында бұл көрсеткіш 10 пайызға жетсе, қыздардың 6 пайызы темекі шегетіні анықталды. Сондай-ақ электронды темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артты. Оларды көбінесе 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер шегеді», делінген хабарламада.
Бөлісу: