Қазақстандағы сайлау барысын 82 байқаушы бақылайды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық байқаулар институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бүгінде бір шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 15 байқаушы аккредитациядан өтуге ұсынылды. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасынан 1 кандидат, ТМД бақылаушылар миссиясынан 14 үміткер», деді Мұхтар Ерман.
Бұған дейін елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қанша қаржы бөлінетінін хабарлаған едік.
Еске сала кетсек, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.